Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
321242
email: ys_28@mail.ru
Мекенжайы: Лермонтов көшесі 98/1а
556978,550933
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі күні әр айдын ІІ және ІV аптасы сағат 16.00-18.00ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ.
06-02-2017 04:35

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ.

2017 жылғы 31 қаңтар «Қазақстанныңүшінші жаңғыруы: жаһандықбәсекеге қабілеттілік»

     Құрметті қазақстандықтар! Мен Қазақстан халқына жаңа дәуір қарсаңында сөз арнап отырмын. Еліміз өзінің25 жылдықдаму кезеңінен абыроймен өтті. Біз елімізді мақтан тұтамыз. Табыстарымыз бен жетістіктеріміз туралы Тәуелсіздігіміздің25 жылдықмерейтойында атап өттік. Оларды бүкіл әлем біледі және жоғары бағалайды. 2017 жылдыңбасынан бастап Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесініңмүшесі болды. Биыл Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралықкөрмесі өтеді. Мұндай өте маңызды әлемдік деңгейдегі іс-шараны біз ТМД және ОрталықАзия елдерініңарасында бірінші болып өткіземіз. Алматыда Универсиада-2017 спорт ойындары өтіп жатыр. Оған 57 мемлекеттен 2 мыңнан астам спортшы мен делегация мүшелері қатысуда. Осыныңбарлығы Қазақстанныңхалықаралықаренада жоғары беделге ие болғанын және саясатымыздыңдұрыстығын көрсетеді. Қазақстан 2050 жылға қарай әлемдегі еңалдыңғы қатарлы 30 мемлекеттіңқатарына қосылуға тиіс. Біз осы мақсатқа қарай табандылықпен ілгерілей береміз. Жаһандықбәсекелестіктіңөсуі және әлемдегі тұрақсыздықжағдайында, 2012 жылы халқыма ұсынған «Қазақстан-2050» стратегиясыныңөзектілігі арта түседі. Біз қиындықтарды уақтылы болжай алдық. «Нұрлы жол» экономикалықсаясатыныңжәне «100 нақты қадам» Ұлт жоспарыныңнәтижесінде осынау қиын, жаһандықтрансформацияныңалғашқы кезеңінен лайықты өтіп келеміз. Тек 2014-2016 жылдар аралығында біз экономиканы қолдауға қосымша 1,7 триллион теңге жұмсадық. Мұныңбарлығы экономикалықөсімді және бизнесті қолдауға, 200 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде, 2016 жылы біз ішкі жалпы өнімнің1% өсімін қамтамасыз еттік. Бұл қазіргі күрделі жағдайда айтарлықтай маңызды. Әлем қарқынды түрде өзгеріп келеді. Бұл – жаңа жаһандықболмыс, оны біз қабылдауға тиіспіз. Қымбатты отандастар! Болашағын айқындап, сын-қатерлерді күтіп отырмастан, оған табанды түрде қарсы тұра алатын халыққана жеңіске жетеді. Әлемдекезекті, Төртінші өнеркәсіптік революция басталды. Экономиканы жаппай цифрландыру тұтас саланыңжойылуына және мүлде жаңа саланыңпайда болуына алып келеді. Біздіңкөз алдымызда болып жатқан ұлы өзгерістер – әрі тарихи сын-қатер, әрі Ұлтқа берілген мүмкіндік. Бүгін мен Қазақстанды Үшінші жаңғырту жөнінде міндет қойып отырмын. Елдіңжаһандықбәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалықөсімніңжаңа моделін құру қажет. Қазіргі кезде көптеген елдер осындай міндетті орындауға ұмтылуда. Өсімніңжаңа моделіне көшу тәсілі әр жерде әр түрлі екеніне сенімдімін. Біз өзіміздіңмықты тұстарымызды пайдаланып, Тәуелсіздігіміздің25 жылында бірге қалыптастырған әлеуетімізді жоғалтып алмауымыз керек қой. ҚазақстанныңБірінші жаңғыруы бәріміздіңесімізде. 25 жыл бұрын КСРО-ныңқирандысынан шығып, өз жолымызды қалай бастағанымыз жадымызда тұр. Сол кезде біздіңбуын іргетасынан бастап қолға алып, әлем картасында болмаған жаңа мемлекет құрды. Жоспарлы экономикадан нарықтықэкономикаға көшу жүзеге асырылды. Біздіңбәріміз бірлесіп, сол кезде елімізді күйреуге, азамат соғысына, экономикалықкүйзеліске ұшыратпағанымыз мен үшін өте маңызды. Қазақстан бұл кезеңде аз шығын шығарып, зор жетістіктерге қол жеткізді. Екінші жаңғыру «Қазақстан-2030» стратегиясыныңқабылдануымен және жаңа елорда – Астананыңсалынумен басталды. Оныңнәтижелі болғаны дау тудырмайды. Еліміз экономикалықтұрғыдан артта қалған аймақтан шығып, әлемдегі экономикасы бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттіңқатарына кірді. Табысты өткен екі жаңғыру арқылы баға жетпес тәжірибе жинақтадық. Біз енді алға батыл қадам басып, Үшінші жаңғыруды бастауға тиіспіз. Бұл жаңғыру – қазіргі жаһандықсын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» базасында өткізіледі. Мен оныңбес негізгі басымдығын көріп отырмын. Олар экономиканыңәлемдік өсімініңорта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және 30 озықелдіңқатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеуге лайықталған. Біріншібасымдық– экономиканыңжеделдетілген технологиялықжаңғыртылуы. Біз цифрлықтехнологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлыққызмет көрсету секілді денсаулықсақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдіңөзінде дамыған елдердіңэкономикаларыныңқұрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты. Осыған орай, Үкіметке «ЦифрлықҚазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды тапсырамын. Біздіңзаңнамамызды жаңа жағдайға бейімдеу керек. Коммуникацияныңдамуы мен оптикалық-талшықты инфрақұрылымға жаппай қолжетімділікті де қамтамасыз ету керек. Цифрлықиндустрияны дамыту басқа барлықсалаларға серпін береді. Сондықтан Үкімет ІТ саласын дамыту мәселесін ерекше бақылауда ұстауға тиіс. Жаңа индустриялар қалыптастырудыңмаңызды шарты инновацияны қолдау және оларды өндіріске тезірек енгізу болып саналады. Үкіметке «ЭКСПО-2017» нысандарыныңбірініңбазасында IT-стартаптар халықаралықтехнопаркін құруды тапсырамын. Ол әлемніңбарлықелінен кәсіпкерлер мен инвесторлар тартудыңплатформасы болуға тиіс. Бұл үшін тиісті инфрақұрылым және салықжеңілдіктерін, оңайлатылған виза мен еңбек режімін қоса алғанда, қолайлы жағдай керек. Біз жоғары оқу орындары, Назарбаев Университеті және «Алатау» иннновациялықтехнологиялар паркі базасында өзіміздіңғылыми және инновациялықәлеуетімізді дамытуымыз керек. Екінші кешенді міндет. Жаңа индустриялар құрумен қатар дәстүрлі базалықсалаларды дамытуға серпін беруіміз керек. Бұл – өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, көлік пен логистика, құрылыс секторы және басқа салалар. Бірінші. Еңбек өнімділігін айтарлықтай арттыру керек. Бұл жердегі негізгі фактор Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін жаппай енгізу болуға тиіс. Бұл – автоматтандыру, роботтандыру, жасанды интеллект, «ауқымды мәліметтер» алмасу, тағы басқа міндеттер. Үкіметке бизнес өкілдерімен бірге 2025 жылға дейін базалықсалаларды технологиялықтұрғыдан қайта жарақтандырудыңкешенді шараларын әзірлеуді тапсырамын. Екінші. Басымдығы бар салалардағы бәсекеге қабілетті экспорттықөндірісті дамытуды көздейтін индустрияландыруды жалғастыру керек. Үкімет алдында қазірдіңөзінде 2025 жылғақарай шикізаттықемес экспортты 2 есе ұлғайту міндеті тұр. Бұл бағыттағы жұмысты жандандыру үшін экспортты дамыту мен ілгерілету тетіктерін бір ведомстоваға шоғырландыру қажет. Экспорттаушыларға «бір терезе» қағидаты бойынша өңірлерде де қолдау көрсету керек. Үкімет жанынан Экспорт саясаты жөніндегі кеңес құруды тапсырамын. Оған бизнес қоғамдастығыныңөкілдері кіруге тиіс. Биылғы 1 қыркүйекке дейін Үкімет әкімдермен және бизнес өкілдерімен бірлесіп, Бірыңғай экспорт стретегиясын әзірлеуі керек. Қазақстан шетел инвестицияларын тарту ісіндегі көшбасшылығын сақтап қалуы қажет.«Астана» халықаралыққаржы орталығы ел экономикасына қаржы ресурстарын тартуда маңызды рөл атқаруға тиіс. Біз тауар өндіру мен өткізу, қызмет көрсету ісін жаһандықжеліге бейімдеуіміз керек. Мұны, еңалдымен, трансұлттықкомпанияларды тарту арқылы жасаған жөн. Қазақстанда өндірістер ашу жөніндегі Қытаймен бірлескен инвестициялықбағдарламаны тиімді жүзеге асыру керек. Қытай тарапымен уағдаластыққа қол жеткізілді. Нысандар белгіленді. Нақтыжұмыс істеу қажет. Бұл қазақстандықтар үшін 20 мыңжаңа жұмыс орнын ашатын заманауи өндіріс болмақ. Қазір 6 жоба жүзеге асырыла бастады, ал 2 жоба іске қосылды. Соныңбірі – гибридтік және толықтай электрлі JAC автомобильдерін ірі құрылғылардан құрастыратын зауыт. Қажетті инфрақұрылым қалыптастыру жайын ескеріп, экспортқа бағдарланған электромобиль өндірісін одан әрі дамыту мәселесін пысықтауды тапсырамын. Тұтастай алғанда, Қазақстанныңөз Инвестициялықстратегиясы болуға тиіс. Үкімет оны биылғы 1 қыркүйекке дейін әзірлеуі керек. Халықаралықынтымақтастықаясында ұлттықэкономикалықмүдделерді қорғап, ілгерілету  қажет. Бұл, еңалдымен, ЕАЭО, ШЫҰішінде Жібек жолы Экономикалықбелдеуімен ұштасатын жұмыстарға қатысты. Ол үшін экономикалықдипломатия жұмысын қайта құрып, жандандыра түсу қажет. Үшінші. Экономикалықөсімніңтұрақтылығы үшін елдіңтау-кен металлургиясы мен мұнай-газ кешендері өзініңстратегиялықмаңызын сақтауға тиіс. Әлемдік сұраныс бәсеңдеп кеткен кезде жаңа нарықтарға шығып, өнім жеткізу аумағын кеңейту керек. Минералдық-шикізаттықбазаны кеңейтуге баса назар аударылуға тиіс. Геологиялықбарлау жұмыстарын белсенді жүргізу керек. Бұл салаларды одан әрі дамыту ісі шикізатты кешенді түрде қайта өңдеуді тереңдете түсумен берік ұштастырылуы тиіс. Жылсоңына дейін Жер қойнауы туралы жаңа кодексті қабылдап, салықзаңнамаларына қажетті өзгерістер енгізуді тапсырамын. ***** Төртінші. Аграрлықсектор экономиканыңжаңа драйверіне айналуы керек. Қазақстанныңагроөнеркәсіп кешенініңболашағы зор. Көптеген позициялар бойынша біз әлемде ірі аграрлықэкспорттықөнім өндірушілердіңбірі бола аламыз. Бұл, әсіресе, экологиялықтаза тағамдарға қатысты. «Made in Kazakhstan» бренді сондай өнімдердіңэталоны болуға тиіс. Сонымен қатар, астықөнімдері бойынша біз Еуразияда «нан кәрзеңкесі» болуымыз керек. Шикізат өндірісінен сапалы өңделген өнім шығаруға көшу қажет. Тек сонда ғана біз халықаралықнарықтарда бәсекеге қабілетті бола аламыз. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін Үкімет пен әкімдерге мынадай тапсырмалар беремін: біріншіден, субсидияларды бөлу қағидаларын қайта қарастырып, біртіндеп өнімді сақтандыруға көшу қажет; екіншіден, бес жыл ішінде 500 мыңнан астам жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді кооперативтерге тартуға мүмкіндік беретін жағдай жасау керек; үшіншіден, өнімніңөңдеу сапасын жақсартып, тауарларды сақтаудың, тасымалдаудыңжәне өткізудіңтиімді жүйесін құру қажет; төртіншіден, еңбек өнімділігін белсенді түрде арттырып, өндіріс шығындарын төмендету керек; бесіншіден, жерді пайдалану тиімділігін арттыруға тиіспіз. Суармалы егіс алаңын 5 жыл ішінде 40%-ға кеңейтіп, 2 миллион гектарға жеткізу қажет; алтыншыдан, өндірісте сұранысқа ие аграрлықғылыми зерттеулерге салынатын инвестиция көлемін арттыру керек. Ауыл шаруашылығын әртараптандырып, 2021 жылға қарай азық-түлік тауары экспортын 40%-ға көбейтуді тапсырамын. Бұл міндеттер агроөнеркәсіп кешенін дамытудыңжаңа мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылуы қажет. ***** Бесінші. Жаңа еуразиялықлогистикалықинфрақұрылымды дамыту – маңызды басымдықтардыңбірі. Оған қазірдіңөзінде қомақты инвестиция жұмсалды. Енді одан экономикалыққайтарым ала бастау қажет. Үкіметке 2020 жылға қарай транзиттік тасымалдыңжылдықкөлемін: - контейнерлермен тасымалданатын жүктер үшін 7 есе – 2 миллион контейнерге дейін; - жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдауды 4 есе – 1,6 миллион транзиттік жолаушыға дейін арттыруды тапсырамын. Транзиттік тасымалдаудан түсетін табысты 5,5 есе – жылына 4 миллиард долларға дейін көбейту қажет. 2015 жылы мен «Нұрлы жол» инфрақұрылымдықдаму бағдарламасын ұсындым. Өткен 2 жыл ішінде бағдарлама өзін толықақтады. Биыл республикалықмаңызы бар 4400 шақырым автожол құрылысы мен қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Жыл соңына дейін соныңкем дегенде 600 шақырымы пайдалануға беріліп, кезең-кезеңімен ақылы жүйе енгізіледі. Еліміздіңкөлік және транзит әлеуетін толықашу үшін көрші елдермен үйлесімді іс-қимыл қажет. Жүктердіңеркін транзитін, көлік дәліздерін құру мен оларды жаңғырту ісін қамтамасыз ету керек. Көлік инфрақұрылымын басқаруға, қызмет көрсету деңгейін арттыруға және әкімшілік кедергілерді жоюға ерекше көңіл аудару қажет. Транскаспий дәлізі бойынша тасымалдау көлемініңұлғаюына байланысты Құрықпортын салудыңекінші кезеңі – автомобиль өткелі құрылысын іске асыруға кірісу қажет. Алтыншы. Урбанизация үдерісі құрылыс секторын дамыту қажеттігін алға тартып отыр. Ол отандықэкономиканыңтолыққанды драйверіне айналуға тиіс. Жол, тұрғын үй және басқа да инфрақұрылым құрылысына инвестиция сала отырып, біз қалаларымыздыңұзақжылдарға дейін сыртқы және технологиялықкелбетін айқындайтынымызды ұмытпағанымыз жөн. Сондықтан құрылысқа да, құрылыс материалдарын өндіру саласына да жаңа технологияларды енгізу керек. Ол үшін бізде қазір жақсы мүмкіндіктер бар. Меніңтапсырмам бойынша биыл «Нұрлы жер» тұрғын үйбағдарламасы іске асырыла бастайды. Ол аса маңызды міндетті орындауға – алдағы 15 жылда 1,5 миллион отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған. Бағдарламада тұрғын үй нарығын дамытудыңкешенді шаралары көрініс тапқан. Соныңбірі – «Даму» акционерлік қоғамы арқылы мемлекеттіңсубсидия беруі есебінен құрылыс салушылар үшін банк несиесін арзандату. Тұрғындар үшін «Қазақстан ипотекалықкомпаниясы» акционерлік қоғамы арқылы банктер беретін ипотекалықнесиені субсидиялау жүзеге асырылады. «Тұрғын үй құрылыс жинақбанкі» салымшылары үшін әкімдіктердіңнесиелік тұрғын үй салуы жалғасады. Оған ілгеріде бөлінген қаржы «револьвер» қағидаты бойынша қайта пайдаланылады. Әкімдіктер халықтыңәлеуметтік әлсіз топтары үшін сатып алу құқығынсыз арендалықтұрғын үй бөлу ісін дамыта беретін болады. Жаппай тұрғын үй құрылысы үшін әкімдер тиісті жер телімдерін бөлуге тиіс. Біз қалаларда жеке тұрғын үйлердіңбірыңғай сәулет стилінде салынуына мән беретін боламыз. Бұл үшін мемлекет қажетті инфрақұрылым тұрғысынан көмек көрсетеді. Үкімет әкімдермен бірлесіп, үлкен қалалардыңіргелес орналасқан елді мекендермен көлік байланысын дамыту жөнінде шаралар қабылдауы қажет. Үшінші кешенді міндет – еңбек нарығын жаңғырту. Жаңа технологиялардыңенгізілуіне байланысты дәстүрлі салаларда еңбек ресурстары босап қалатын болады. Сонымен бірге, жаңа индустрия құрып, дамыту жұмыспен қамтудыңжәне азаматтардыңнақты табысын өсірудіңқосымша мүмкіндігі болуға тиіс. Үкімет пен әкімдерге еңбеккерлердіңбасқа салаларға басқару аясында ауысуы үшін жағдай жасауды тапсырамын. Біздіңірі кәсіпорындар әкімдіктермен бірлесе отырып, тиісті жол карталарын әзірлеуі керек. Онда қысқартылатын жұмысшыларды қайта даярлау, оларды әрі қарай жұмыспен қамту үшін бірлесіп инвестиция салу жайы қарастырылуы қажет. Басы артықжұмыс күші бар өңірлерден басқа жерлерге, сондай-ақ, ауылдардан қалаларға жұмыс күшін ұтымдылықпен тартуға қолдау көрсету керек. Үкімет жұмыспен қамту орталықтарын реформалап, барлықбос жұмыс орындары мен бүкіл елді мекендерде бірыңғай онлайн платформа қалыптастыруы қажет. Екінші басымдық– бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту. Біздіңстратегиялықмақсатымыздыңбірі – елдіңішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестіңүлесі 2050 жылға қарай кем дегенде 50% болуын қамтамасыз ету. Бұл – өтеөршіл мақсат, бірақоған қол жеткізуге болады. Оны орындау үшін қазіргі кезеңде мынадай қадамдар жасалуы қажет. Бірінші. Меніңтапсырмам бойынша Үкімет биылдан бастап Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыруға кірісіп кетті. Бұдан былай Қазақстан азаматтары өз бизнесін жүргізу үшін ауылда да, қалада да 16 миллион теңгеге дейін шағын несие ала алады. Шағын несие беру аясын кеңейтіп, кәсіпкерлерге кепілдік жасау және қызмет көрсету тетіктерін белсенді пайдалану керек.Бұл шараларды бизнес жүргізу және қаржылықсауаттылыққа үйрету ісін ұйымдастырумен қатар атқару керек. Жаппай кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіру керек. Қазақстанныңәр өңірі жаппай кәсіпкерлікті, соныңішінде отбасылықкәсіпкерлікті дамытубағытында кешенді шаралар ұсынуға тиіс. Жаңадан ашылған жұмыс орындарыныңсаны – бұрынғыша Үкімет пен әкімдер қызметініңтиімділігін бағалаудыңнегізгі критерийініңбірі болмақ. Екінші. Үкімет «Атамекен» ұлттықкәсіпкерлер палатасымен (ҰКП) бірлесіп, бизнестіңбарлықшығынын жаппай азайту жөнінде шаралар қабылдауы қажет. Бұл әсіресе энергетика, көлік және логистика, сондай-ақ, тұрғын үй-коммуналдықшаруашылықсалаларындағы қызмет көрсету құнына қатысты. Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісі мейлінше оңтайландырылуға тиіс. Құжаттардыңмерзімі мен тізбесін қысқартып, қайталанатын рәсімдерді жою керек. Бұл орайда адамныңөзініңбаруын қажетсінбейтін толықэлектрондықформатқа көшіру керек. Сондай-ақ, бизнестіңқазіргі қолданыстағы реттеушілік жүктемесі өсімніңжаңа моделін жасау міндетімен үйлеспейді. Үкімет пен әкімдерге биылғы 1 шілдеге дейін бизнесті қайта реттеу жөніндегі жүйелі шаралар әзірлеу міндетін жүктеймін. Дамыған елдердіңозықстандарттары мен тәжірибесін енгізу керек. Бұл жұмысты әсіресе өңірлік деңгейде атқару маңызды. Әкімдер Үкіметпен бірлесіп, Дүниежүзілік банк рейтингі негізінде өңірлерде бизнес жүргізу үшін жағдайды жақсарту жөнінде нақты жоспарлар әзірлеу керек. Елімізде бизнес жүргізуді жеңілдету жөнінен өңірлер мен қалалар рейтингін енгізуқажет. Біз үздіктер үшін арнаулы сыйлықтағайындаймыз. Оны жылына бір рет, Индустрияландыру күнінде табыс етеміз. Үшінші. Мемлекеттіңэкономикадағы үлесін ішкі жалпы өнімнің15%-ына дейін, Экономикалықынтымақтастықжәне даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдері деңгейінедейін төмендету экономикалықөсімге тыңсерпін беруге тиіс. Бұдан бұрын 2020 жылға дейін жекешелендірілетін 800-ге жуықкәсіпорынды қамтитын тізбе жасалған болатын. Тиісті жұмыстар атқарылуда. Үкіметке сол тізбедегі кәсіпорындарды жекешелендіруді тездетіп, оны 2018 жылдыңсоңына дейін аяқтауды тапсырамын. Ірі компанияларымызды ІРО-ға дайындау және оған бейімдеу ісін де жеделдету керек. Yellow Pages қағидаттарын енгізу мемлекет үшін экономикадағы қызмет түрлерін 47%-ға (652-ден 346-ға) қысқартуға мүмкіндік берді. Келесі кезеңде осы қағидаттарға сай келмейтін мемлекет меншігіндегі барлықкәсіпорындар мен ұйымдарды 2020 жылға дейін жеке секторға беру немесе жою қажет. Ал ондай кәсіпорындар саны бірнеше мыңболады. Әрбір бағдарлама немесе тапсырмаға орай заңды тұлғалар құру тәжірибесі бұдан былай тоқтатылуға тиіс. Жекешелендірудіңжариялылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақмемлекеттік холдингтер рөлін қайта қарастыру керек. Үкіметке «Самұрық-Қазына» холдингін сапалы түрде трансформациялау ісін жүзеге асыруды тапсырамын. Басқарушылықжәне өндірістік бизнес үдерістерін толықревизия мен оңтайландырудан өткізу қажет. Нәтижесінде ол тиімділігі жоғары, жинақы және кәсіби холдингке айналуға тиіс. Менеджмент пен корпоративті басқару сапасын халықаралықдеңгейге жеткізу керек. Мемлекетке қандай маңызды секторларда, қатысу үлесініңқандай мөлшерімен және не қалдыратынымызды нақты анықтап алуымыз керек. Табиғи монополияларды және стратегиялықмаңызы бар, соныңішінде Трансұлттықкомпаниялар қатысатын жобаларды іске асыру міндетін мемлекетке қалдыру керек. Бұл жобалар мультипликативті нәтиже беруге тиіс. «Бәйтерек» және «ҚазАгро» холдингтерін де қайта құру қажет. Олар мемлекеттік даму бағдарламаларын іске асыру жөніндегі операторлар болуға тиіс. Соған орай олардыңфункцияларын оңтайландыру керек. Жеке сектор жүзеге асыра алатын нәрсеніңбарлығы бизнеске берілуі қажет. Сондай-ақ, оларға бағдарламаларды іске асыру үшін мемлекеттік емес қаржы көздері арқылы қор қалыптастырумен айналысу керек. Төртінші. Кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет-жекеменшік серіктестігі аясын кеңейту зор мүмкіндік береді. Бұл жерде әңгіме бірқатар мемлекеттік қызметтер көрсету міндетін бизнеске беру ісіне қатысты болып отыр. Бізде қазірдіңөзінде оларды мектепке дейінгі білім беру ісіне тарту саласында жақсы нәтижелер бар. Өткен 3 жылда мемлекет 40 мыңорынға арналған 189 балабақша салса, жекеменшік сектор 100 мыңорынға арналған 1300 балабақша ашты. Жекеменшік балабақшалардыңеңкөбі Оңтүстік Қазақстан (397), Алматы (221), Қызылорда (181) облыстарында ашылды. Мен үшін осы сектордағы мемлекет-жекеменшік серіктестігініңүлгісі өте маңызды. Бұл аса маңызды жалпыұлттықміндеттердіңбірі – 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен 2020 жылға қарай жүз пайыз қамту мәселесін мемлекет пен бизнес бірлесе шешіп отырғанын көрсетеді. Мемлекет-жекеменшік серіктестігін дамыту әкімдердіңнақты және кәсіби жұмысына байланысты. Жекеменшік капитал тарту үшін мемлекет-жекеменшік серіктестігініңықтимал барлықтүрі мен нысанын пайдалану қажет. Олар – мемлекеттік мүлікті сенімді басқару, қызмет көрсету келісімшарттары, тағы басқалар. Бұл ретте келісімніңбарлықрәсімдерін, әсіресе шағын жобаларға қатысты рәсімдерді мейлінше жеңілдету және жеделдету қажет. Мемлекет-жекеменшік серіктестігі инфрақұрылымды, соныңішінде әлеуметтік инфрақұрылымды дамытудыңнегізгі тетігіне айналуға тиіс. Тұрғын үй-коммуналдықшаруашылықнысандарын жаңғырту үшін бұдан әрі жекешелендіру мүмкіндігін қарастыра отырып, басқаруға және концессияға беру қажет. Үкімет бір орындышиырлай беруді доғарсын. Бұл бағытта жұмысты жандандыра түсу керек. Бесінші. Баға мен тариф бойынша ымыраласуға жол бермеу қажет. Үкіметке «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, бәсекелестікке кедергі келтіретін нормаларды анықтауға қатысты барлықзаңнамаға «ревизия» жасауды тапсырамын. Үшінші басымдық– макроэкономикалықтұрақтылық. Мұндағы басты міндет – ақша-несие саясатыныңынталандырушы рөлін қалыпқа келтіру және экономиканы қаржыландыруға жекеменшік капитал тарту. Бірінші. Бүгінде Ұлттықбанк алдында инфляциялықтаргеттеу режімін дамыту жөніндегі маңызды міндет тұр. Орта мерзім ішінде инфляция деңгейін кезең-кезеңмен 3-4%-ға дейін төмендетуге қол жеткізуіміз керек. Екінші. Еліміздіңқаржы секторын «қайта жаңғырту» қажет. Ұлттықбанкке банк секторын қалыпқа келтіру жөнінде шаралар кешенін әзірлеуді тапсырамын. Банктердіңбалансын тиімсіз несиелерден арылту жұмысын жеделдетіп, қажет болған жағдайда олардыңкапиталын акционерлер тарапынан арттыруды қамтамасыз ету керек. Банктердіңахуалына жедел бақылау орнату үшінҰлттықбанкке көбірек құқықберген жөн. Ұлттықбанк банктердіңқателік жіберуін күтпей, оларға ықпал ететін шаралар қабылдау үшін формальді көзқарастан ықтимал қатерлерге жол бермейтін қадамдарға көшуге тиіс. Сондай-ақ, аудиторлықкомпаниялардыңжауапкершілігін арттырып, акционерлердіңашықтығын қамтамасыз ету, ұжымдықбасқаруды жақсарту қажет. Осыныңбәрін заңнамалықдеңгейде бекіту керек. Экономикадағы қаражат жетіспеушілігі және несиелер бойынша жоғары мөлшерлеме түйткілдерін шешу мақсатымен Ұлттықбанкпен Үкіметке теңге түрінде қолжетімді орта және ұзақмерзімге арналған қор қалыптастыруды қамтамасыз ету жөнінде кешенді шаралар қабылдауды тапсырамын. Ұлттықбанк инфляция ғана емес, сонымен қатар Үкіметпен бірге экономиканыңөсуі үшін де жауапты болуға тиіс. Үшінші. Қор нарығын одан әрі дамыту. Жекешелендіру оныңдамуына серпін беруге тиіс. Мен жоғарыда айтып өткендей, қор нарығына «Самұрық-Қазына» қоры компанияларыныңакцияларын орналастыру керек. Халықтыңжинаған өз қаражатын еңалдымен түрлі бағалы қағаздарға инвестициялау мүмкіндігін одан әрі арттыру қажет. Біз 2016 жылдыңсоңында заңдастыру науқанын аяқтадық. Оған еліміздің140 мыңнан астам азаматы қатысты. Нәтижесінде 5,7 триллион теңге, оныңішінде қаражат түрінде 4,1 триллион теңге заңдастырылды. Үкіметтіңміндеті – бұл қаражаттыңэкономикаға, соныңішінде жекешелендіруге қатысу арқылы пайда беруін қамтамасыз ету. Сонымен бірге, Қазақстанныңжекеменшік кәсіпорындарыныңоблигация шығарылымдарын субсидиялау мәселесін пысықтау қажет. Үкіметке Ұлттықбанкпен бірлесіп, отандыққор нарығын жандандыруға бағытталған шаралар қабылдауды тапсырамын. Келесі шешуші міндет – салық-бюджет саясатын жаңа экономикалықжағдайға бейімдеу. Бірінші. Бюджет шығыстарыныңтиімділігін түбегейлі арттыру қажет. Біз 2017 жылы мемлекеттік даму бағдарламаларын қажетті ресурстармен толықтай қамтамасыз еттік. Министрліктер мен ведомстволардыңқаражатты игеруініңтиімділігін тексеру қажет. Республикалықбюджеттің40%-дан астамын құрайтын Денсаулықсақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Білім және ғылым министрліктерінен бастау керек. Оныңқорытындысы бойынша маған баяндалсын. Тиімсіз бағдарламалардыңқаражатын Үшінші жаңғырту міндеттерін іске асыруды қамтамасыз ететін бағдарламаларға қайта бөлу қажет. Сондай-ақ, қаражатты нақтыэкономикаға неғұрлым тезірек әрі тиімдірек жеткізу үшін бюджеттік рәсімдерді жеңілдеткен жөн. Біз фискалдықорталықсыздандыру саясатын жалғастыруымыз керек. Өткен жылдарда орталықтан жергілікті жерлерге көптеген функциялар мен өкілеттіктер берілді. Енді олардыңжеткілікті қаржылықдербестігін бекемдей түсу қажет. Сонымен бірге, қаржы шығысы жөніндегі өкілеттіктердіңоблыстықдеңгейде шоғырлануына жол бермеу маңызды. Оларды әрі қарай аудандықжәне ауылдықжерлерге беру керек. Әкімдер өңірлік және жергіліктімаңызы бар мәселерді шешуге тиіс, ал Үкімет жалпымемлекеттік мәселелерге ден қоюы қажет. Екінші. Ұлттыққор қаражатын пайдалануға ұтымдылықтұрғысынан қараған жөн. Ұлттыққордан алынған кепілдендірілген трансферт көлемі 2020 жылға қарай кезең-кезеңбойынша 2 триллион теңгеге қысқартылуға тиіс. Салықсаясатын бизнестің«көлеңкеден» шығуына бейімдеп, шикізаттықемес сектордағы салықтықбазаны кеңейтуге бағыттау керек. Қазіргі салықжеңілдіктерін оңтайландыру қажет. Жалпыға ортақдекларациялау қарсаңында арнаулы салықрежімін жаңаша қарастыру керек. Салықтықәкімшілендіру тетіктері жетілдіруді талап етеді. Еңалдымен, мұныңқосымша құн салығын жинауға қатысы бар. Үшінші. Үкімет квазимемлекеттік сектордыңсыртқы және ішкі қарыздарына мониторинг жүргізу мен бақылау жасау жүйесін қалыптастырып, онда тәртіп орнату керек. ***** Төртінші басымдық– адами капитал сапасын жақсарту. Бірінші. Еңалдымен, білім беру жүйесініңрөлі өзгеруге тиіс. Біздіңміндетіміз – білім беруді экономикалықөсудіңжаңа моделініңорталықбуынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет. Сонымен бірге, IT-білімді, қаржылықсауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керек. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасыныңалшақтығын азайту қажет. Үкіметке тиісті ұсыныстар беруді тапсырамын. Атап айтқанда, үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу мәселесі бойынша ұсыныстар әзірленсін. Қазақтілініңбасымдығы сақталады. Оныңәрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, бүгінде ағылшын тілі – жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі. Қазіргі кезде 90% ақпарат ағылшын тілінде жарияланады. Әрбір екі жыл сайын олардыңкөлемі 2 есе ұлғайып отырады. Ағылшын тілін меңгермей, Қазақстан жалпы ұлттықпрогреске жете алмайды. 2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқытатын боламыз. Бұл мәселені тиянақты ойланып, ақылмен шешу қажет. Мектептердіңжәне мұғалімдердіңдеңгейі, әсіресе ауыл мен қалада әртүрлі. Білікті педагогтардыңжетіспеу проблемасы да бар. Сондықтан, осыныңбарлығын ескеріп, ағылшын тілін кезең-кезеңмен енгізуіміз керек. Тиісті ұсыныстар беруді тапсырамын. Меніңбастамам бойынша биыл «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалықбілім беру» жобасы іске асырыла бастады. Тегін оқытумен еңәуелі жұмыссыз және өзін өзі тиімсіз жұмыспен қамтыған жастар, сондай-ақкәсіптік білімі жоқересек адамдар қамтылуы тиіс. Кәсіптік білім беру жүйесінде, мен айтқандай, экономикадағы жаңа өндірістер үшін мамандар дайындауғаден қою керек. Ол үшін кәсіптік стандарттар еңбек нарығыныңталаптарына және еңүздік әлемдік оқу-өндірістік тәжірибелерге сәйкес жаңартылуы қажет. Сонымен қатар, жоғары білім беру жүйесі сапасына ерекше назар аударылады. Жоғары оқу орындарыныңкадрлыққұрамына, материалдық-техникалықжабдықталу деңгейіне, білім беру бағдарламаларына қатысты бақылау мен талап күшейтілуі қажет. ***** Екінші. Білім беру жүйесімен қатар денсаулықсақтау жүйесі де өзгеруге тиіс. Биылғы 1 шілдеден мемлекеттің, жұмыс берушілердің, азаматтардыңортақжауапкершілігіне негізделген міндетті медициналықсақтандыру жүйесі (ММСЖ) енгізіле бастайды. Бұл жүйеніңтиімділігі әлемдік тәжірибе арқылы дәлелденген. Медициналықсақтандыру жүйесіне қатысушыларға кеңауқымдағы медициналыққызметтер ұсынылады. Оған халықтыңәлеуметтік әлсіз топтарыныңқатысуына мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Үкімет қажетті деңгейде денсаулықсақтау саласын ақпараттандыруы керек. Бәсекелестікті дамыту үшін жеке меншіктегі медицина мекемелеріне ММСЖ жүйесі аясында теңжағдай туғызу керек. Үкіметке және әкімдерге кеңауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуді тапсырамын. Сондай-ақ, заңнамалықтұрғыдан барлықдәрі-дәрмектіңбағасын реттеуді енгізу қажет. Үшінші. Әлеуметтік қамтамасыз ету саласына қатысты. Меніңтапсырмам бойынша 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 2,1 миллион зейнеткер үшін зейнетақы 2016 жылғы деңгейден 20%-ға дейін арттырылады. Бұдан бөлек, базалықзейнетақы тағайындау 2018 жылғы 1 шілдеден бастап жаңа әдістеме бойынша жүзеге асырылады. Оныңкөлемі зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты белгіленеді. Осы өсімніңбарлығы 2018 жылы базалықзейнетақыныңжаңа мөлшерін 2017 жылмен салыстырғанда 1,8 есе арттыруға мүмкіндік береді. Елімізде жыл сайын 400 мыңға жуықбала туады, бұл – 1999 жылғы деңгейден 2 есе дерлік жоғары. Мұндай жақсы үрдісті алдағы уақытта да сақтау керек. Меніңтапсырмам бойынша 2017 жылғы 1 шілдеден бастап бала туғанда берілетін бір реттік жәрдемақы көлемі 20%-ға өсіріледі. Еңтөменгі күнкөріс шегін де қайта қарастыру керек. Ол қазақстандықтардыңнақты тұтынушылықшығыстарына сәйкес келуге тиіс. Бұл қадам 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап базалықзейнетақы, мүгедектерге және асыраушысынан айрылған отбасыларға арналған жәрдемақы, мүгедек бала тәрбиелеп отырғандарға берілетін атаулы көмек пен жәрдемақы көлемін 3 миллион адам үшін өсіруге мүмкіндік береді. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсету шегін еңтөменгі күнкөріс шегінің40%-ынан 50%-ға дейін өсіріп, оныңжаңа форматын енгізу керек. Бұл ретте жұмыс істеуге қабілетті адамныңбәрі тек жұмыспен қамту бағдарламасына қатысу шарты арқылы ғана қолдауға ие болуға тиіс. Бесінші басымдық– институционалдықөзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты. Бірінші. Үкімет үшінші жаңғырту аясында ЭЫДҰ-ныңозықтәжірибелері мен ұсынымдарын имплементациялау жұмысын қамтамасыз етуге тиіс. Екінші. Біз жеке меншікті қорғауға, құқықүстемдігіне және баршаныңзаңалдында теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған реформалар жүргізудеміз. Бұл жұмысты жалғастыру керек. Үкіметке «Атамекен» ҰКП-мен және азаматтыққоғамдастықпен бірлесіп, жеке меншік құқығын қорғауды күшейтуге қатысты бүкіл заңнама ревизиясын жүргізуді тапсырамын. Сонымен қатар, әкімшілік және қылмыстықзаңнаманы ізгілендірген жөн. Әкімшілік айыппұлдар әділетті және құқықбұзу деңгейіне сәйкес болуға тиіс. Кәсіпкерлік саласында құқықбұзғаны үшін салынатын санкцияны төмендету жұмысын одан әрі жүргізе беру керек. Қоғамға қауіптілігі жоғары емес экономикалыққылмыс құрамын криминалдықсипаттан арылту керек. Сот жүйесіне деген сенімніңартуына қол жеткізу қажет. Судьялардыңжұмысына заңнан тыс кез келген ықпалды жою маңызды. Үшінші. Қауіпсіздік ахуалы қуатты және әрекет ете алатын мемлекеттіңөлшеміне айналып келеді. Қазіргі заманда адамзат терроризмніңбелеңалуымен бетпе-бет келіп отыр. Бұл ретте деструктивті күштерді қаржыландыратындарға, шетелдік террористік ұйымдармен байланыс жасайтындарға қарсы күрес жүргізу ісі негізгі мәселе болып саналады. Діни экстремизмді насихаттаудыңалдын алу, әсіресе интернет пен әлеуметтік желіде оныңжолын кесу жұмысын жүргізу керек. Қоғамда, әсіресе, діни қарым-қатынас саласындағы радикалды көзқарасқа байланысты кез келген әрекетке «мүлде төзбеушілікті» қалыптастыру керек. Бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандарды теологиялықтұрғыдан сауаттандыру қызметтерініңмақсатты жұмысы ұйымдастырылуға тиіс. Өскелеңұрпақты рухани-адамгершілік рухында тәрбиелеу үшін қосымша қадамдар жасау керек. Бұл іске мемлекеттік емес секторды және діни бірлестіктерді белсенді түрде тарту қажет. Осы шараныңбәрі меніңтапсырмам бойынша әзірленіп жатқан, 2017-2020 жылдарға арналған Діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет жөніндегі мемлекеттік бағдарламада ескерілуге тиіс. Киберқылмыспен күрестіңөзектілігі барған сайын арта түсуде. Үкімет пен Ұлттыққауіпсіздік комитетіне «Қазақстан киберқалқаны» жүйесін қалыптастыру шараларын қабылдауды тапсырамын. Төртінші. Біз елдегі сыбайлас жемқорлықдеңгейін төмендету бағытында елеулі қадамдар жасадық. Алайда, басты назар көбіне сыбайлас жемқорлықтыңсалдарларымен күресуге аударылып отыр. Сыбайлас жемқорлықтыңсебептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажет. Маңызды мәселеніңбірі – сатып алу саласын жетілдіру. Үкіметке мемлекеттік сатып алу жүйесін орталықтандырылған қызмет қағидаты бойынша енгізуді тапсырамын. Квазимемлекеттік секторда, табиғи монополия және жер қойнауын пайдалану салаларында да сатып алу шараларын өткізу әдістерін түбегейлі қайта қарастыру керек. Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамныңбелсене атсалысуына байланысты. Әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардыңдамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтыңжек көруі күрестіңқуатты құралына айналуға тиіс. Құрметті қазақстандықтар! Осы Жолдау арқылы еліміздіңәр азаматына жаңа жағдайдағы даму бағытымыз жөніндегі өз көзқарасымды жеткізгім келді. Үкіметке «Қазақстанныңұлттықтехнологиялықбастамасы» деп аталатын Елді үшінші жаңғырту жөніндегі 2025 жылға дейінгі дамудыңстратегиялықжоспарын әзірлеуді тапсырамын. Бізде уақыт талабын лайықты қабыл алып, елімізді одан әрі жаңғырту жөніндегі міндеттерді орындаудан басқа жол жоқ. Біздіңұлы халқымыз бірегей тарихи мүмкіндікті толықтай пайдалана алатынына сенемін. Қымбатты достар! Қазақстан – жас, көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет! Біз тәуелсіз Қазақстанның25 жылдықдаму жолынан өттік. Алдағы 25 жылда бұдан да биік белестер күтіп тұр. Мемлекет құру жолында теңдессіз, мол тәжірибе жинап, жаңа кезеңге қадам басып отырмыз. Алдымызда қандай қиындықтар кездессе де, оларды еңсере алатынымызға сенімдімін.