Сенім телефоны
321242
email: ys_28@mail.ru
Мекенжайы: Лермонтов көшесі 98/1а
556978,550933
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі күні әр айдын ІІ және ІV аптасы сағат 16.00-18.00ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Баланың балабақша жағдайына бейімделуі

  Баланың балабақша жағдайына бейімделуі

(психолог кеңесі)

Көпшілікке мәлім «балабақша жағдайына тез көнетін» және «балабақша жағдайын көп уақыт қабылдағысы келмейтін» балалар кездеседі.

Баланың балабақшаға тез үйренуі үшін ата аналарға мынадай кеңес береміз:

1.     Баланы балабақшаға берер алдында оған  балабақша жайында жақсы мысалдар келтіру.

2.     Топтағы бірнеше баламен және олардың ата аналарымен жақын танысып, олар жайында баламен жағымды әңгіме құру.

3.     Балалар мерекелерін ұйымдастыруға қатынасу.

4.     Әр кез балабақшада өткен күн жайында сұрап әңгімелесу.

5.     Кешкі мезгілде жағымды жағдай жайлы, достарымен болатын кездесу,жаңа ойыншықтар, ойындар туралы әңгімелесу.

6.     Балабақшаға барар жолда мейірімді, сабырлы болу.

Егер де бала анасынан ұстап, оны жібермеген жағдайда тәрбиеші баланы қалай жұбатады? 

Психологтің ұсынысы:

1.     Баланың көңілін ашық, жылтыр заттар өзіне аударады, мысалы. Сабын көпіршіктері, шарлар.

2.     Топтағы ойыншықтарға назарын аударту.

3.     Саусаққа киетін ойыншықтарды алып баламен сөйлесу.

4.     Доппен ойын ұйымдастырып, жаңадан келген баланы шақыру. 

Психологтар мынаны ұсынбайды:

1.     Баланы анасынан күшпен айыру.

2.     Тамақты еріксіз ішкізу.

3.     Баланың көз жасына көңіл аудармау.