Сенім телефоны
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бір жылда2938462
Бір айда211896
Бір аптада44836
Кеше4517
Тәулік331
Логопед кеңес береді

Логопед кеңес береді

·         жақ және тіл бұлшық еттерін дамыту. Ірі тағамдарды тиімді шайнауды, аузын шайуды, ұртын толтыруды,ауаны бір ұртынан екінші ұртына аударыды т.б үйрету;

·         баламен тек қана дұрыс тілде сөйлесу, «бала тілін» ешқашан қолданбау;

·         балаға күн сайын қысқа  және ертегілер оқу;

·         онымен жиі сөйлесу, оның барлық сұрақтарына шыдаммен жауап беру, сұрақ қоюын мадақтау;

·         сөзді немесе фразаны,  ондағы сөздердің орнын ауыстыра отырып, анық бірнеше рет қайталау;

·         күніне бірнеше рет артикуляциялық гимнастикалар орындау.Оның мақсаты - дыбыстарды айтуға қатысатын бұлшық еттерге жұмыс істетуоларды бағынышты ету. Оларға артикуляцияға аппаратының органдырын жаттықтыратын, дыбыстарды дыбыстауға ерін, тіл, таңдай  қатыстыруға арналған жаттығулар енгізіледі. Алғашқы кезде айна алдында жаттыққан дұрыс;

·         балаға асыра жүктемеу жасау. Сабақтың 15-20 минуттан аспауы жөн;

·         ұсақ моториканы дамыту үшін жаттығулар қодану керек;

·         кекештікте сөйлеу демалысын, екпінді және ритмді дамытуға мүмкіндік беретін музыка сабақтары жақсы нәтиже береді. Баламен сабақ көңілсіз болмауы керек, оларды қызықты ойын түрінде өткізу, жайбарақаттық ахуалын жасау, баланы оң нәтижеге бағыттау, жиі мақтау.