Сенім телефоны
321242
email: ys_28@mail.ru
Мекенжайы: Лермонтов көшесі 98/1а
556978,550933
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі күні әр айдын ІІ және ІV аптасы сағат 16.00-18.00ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Ата-аналарға бала тілі туралы

Ата-аналарға бала тілі туралы

         Соңғы жылдары тіл кемістігі бар балалар саны ұдайы өсуде. Балалардың шешелері мен әкелері қорытындыда: алалия,кекеш, тіл дамуының кідіруі т.б. диагноздарын оқып жиі байбалам салатыны құпия емес.Бала тілінің даму   кемістіктігі болу мүмкіндігі туралы мәлімет алғаннан кейін маманға қандай сұрақтар қоюды, олармен қарым қатынаста қандай тұғыр ұстау керектігін анықтай алады;логопедтің ұсынымы бойынша үй тапсырмаларын ұйымдастыру қажеттігін түсінеді. логопед мұғаліммен ата-аналар арасындағы тығыз байланыс тіл кемістігін жоюдың ең басты бөлігі  болып табылады.

Отбасының баланың тіл дамытуна түзетулер  жасауға қатысуы

         Тіл дамуында кемістігі бар балаларды емдеу ең алдымен баланың ағзасын бекітуге әкеп тіреледі. Бұл қараста дұрыс режим мен тамақтану, дене шынықтыру, сумен түрлі емдеулердің зор мағнасы бар.

         Балаға әсер ететін невропатия себептерін анықтап, жағымсыз психологиялық факторларды жоюға тырысу керек.

Мысалы, тәбеті бұзылған жағдайда ата-аналар баланың тамаққа деген жек көрушілігін болдырмау шараларын жасауы керек. Бастысы - тамақтанудың нақты тәртібін орнату.

Баланы зорлап тамақтандыруға, әсіресе дімкәстік кезінде, қорқытып немесе уәде беріп асыра тамақтандыруға   қатаң тиым салынады. Баланың бір нәрседен үркуі болғанда ешқашан оған күуге немесе оны қорқытып жеңдіруге болмайды. Оның танымдық қызығушылығы аумағына сол қорқыныш шақыратын объектіні енгізуге тырысқан жөн. Түнге қарай ғажайып ертегілер айтуға, телеарна хабарын қарауға рұқсат етпеу керек. Ұйықтар алдында тітіркеніш жасайтындар шеттелуі керек.

         Баланы түрлі нақтылы немесе жұмбақ «қарақшылармен» қорқытуға қатаң тиым салынады.Баланы қоршаған ортамен біртіндеп және абайлап таныстыру керек, бала әрекетіне жаңа заттарды оларға өзіне сәйкес түсіндірме бере отырып, біртіндеп енгізу керек.