Баланың сөйлеу тілін дамыту
Баланың дыбыстық үн қатуы туғаннан басталады: айқайлау мен жылау.
2-3 ай толғанда балалар гуілдеп былдырлай бастайды. Үндемей қалса ата-аналар мазасыздануы керек.
9-10 ай балалардың бірінші сөздері, үлкен адамдардың сөздерін түсіну қабілеттері дамиды. Бірақ бұл кезеңдегі балалар көбіне үлкендердің көмегіне емес, олардың жағдайы мен интонациясына қарай әрекеттенеді.
11-12 айда балалар үлкендердің жағдайы мен интонациясына ғана емес, олардың айтып жатқан сөздеріне де әрекет жасау қабілеті дамиды.
1-1,5 жас. Баланың кез -келген жағдайға байланысты тілі дамиды, бір айтқан сөзі бірнеше мағынада болуы мүмкін. Бала дыбыстарды шатастырады, оларды дұрыс айта алмайды.
1,5-2 жас. Үлкендердің тілін толық түсіне бастайды, сөздік қоры молайып, бірінші сөз тіркестерінің пайда болу кезеңі. Айтқан сөздері енді жағдайға байланысты емес, жалпылау мағынада болады. Осы кезеңде еліктеу үшін тілдік көлемін қамтамасыз ету керек. Ми жасушалары көп мөлшерде сөздерді қабылдайды және сөз тіркестерді құрастырады.
2-3 жас. Тілдің грамматикалық құрылымының қалыптасуы, сөздік қорының жинақталуы (үш жасқа толғанда бала 300-ден бастап 1000 сөзге дейін білу керек). Егер бала 2,5 жасқа толғанда сөздерді тіркестіріп құрастыра алмаса логопедтің көмегіне жүгінуі қажет.
3-5 жас. Кез келген жкағдайда логопедтен кеңес алу керек. Бұл жаста көптеген балалар дыбыстарды дұрыс атамайды. Дыбыстарды атау кемістігі табиғи физиологиялық жағдайы мен және тілдік патологоиямен қатар болуы мүмкін. Бұл жағдай да маманның көмегі қажет.
5 жастағы бала барлық дыбыстарды дұрыс атап сөз тіркестерді дұрыс құрастыра білуі керек.