Сенім телефоны
321242
email: ys_28@mail.ru
Мекенжайы: Лермонтов көшесі 98/1а
556978,550933
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі күні әр айдын ІІ және ІV аптасы сағат 16.00-18.00ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
3 жастағы бала нені білу керек

 

3 жастағы бала нені біле алуы мүмкін.

Баланың 3 жасқа толғанында нені біліп-түсінуі керек мәселесі әр ата-ананы толғандыратыны сөзсіз. Әр баланың қабілеті әр түрлі келеді, осыған орай олардың дамып жетілуі де әркелкі. Дамуындағы бұл ерекшеліктері ата-ананың балаға көңіл бөлуіне, олардың баланы толыққанды дамытуға бөлген уақыттарының көлеміне де тікелей байланысты. 

Сонымен қатар, баланың дамып-жетілуіне ата-анасының ықпалынсыз дамына  тиісті нақты дағды-қабілеттері де кездеседі. Олар:

1.     3 жастағы бала өз денесін тік ұстап, қимыл-қозғалысын үйлестіре білуі;

2.     Негізгі 6 түсті (қара, ақ, қызыл, жасыл, көк, сарыны ажырата білуі және атауы, негізгі нышандарды (шаршы, текше, шеңбер, ұшбұрыш, дөңес және ромбты) айыра білуі;

3.     Оң және сол ұғымдарын түсінуі;

4.     1-ден 10-ға санай білуі;

5.     Логиканы дамытуға бағытталған қарапаййым орындарды (пирамиданы құрастыру, пазлдарды, шаршыны, конструкторды жинау)ойнай білу;

6.     5-10 минут көлемінде басқаға алданбай ойнап отыра алуы.

Аталған көрсеткіштердің барлығы ата-анасынаң баласын би немесе ағылшын тілін үйрете немесе тағы да басқа үйрмелерге қатыстыру мәселесінде ескерілуі керек.

3 жастағы бала еркін сөйлей білуі және «Сұрақ қойғыш» болуы тиіс. Берген жауабыңызға қайтадан сұрақ қойып мазаңызды алуы мүмкін. Сіздің берген қарапайым жауабыңыз оны мүлдем қанағаттандырмайды. Оған үлкен адамға жауап берген сиақты толығымен жауап қайтару керек. Дүниеде болып жатқан барлық құбылыстар өзгерістердің барлығы оған өте қызықты. Дәл осы сәттерде «Қойшы, балам, мазамды ала бердің ғой», - тәріздес сөздермен баланың көңілін басып тастамауыңыз аса маңызды.

Үш жастағы баланың сөздік қоры шамамен 300-ге жуық болады.

Сөздері көбінесе түсініксіз болады. Ойындағысын түсіндіре алмай, баланың ызалануы да мүмкін. Ондайда баланы қолпаштап, айтқанын түсінгендей етіп ықпал жасау қажет.

Ол суретке қарап әңгіме құрастырғысы келеді, киім-кешек, кейбір жеміс-жидектердің, көкөністердің, аңдардың және үй жануарларының, жыл мезгілдерінің, олардың төлдерінің атауларын, шығаратын дыбыстарын ажырата және айта алуы мүмкін.

Заттардың 3-4 айырмашылығын айыра, көптеген әріптерді дыбыстай, суық-ыстық, ауыр-жеңіл, ұзын-қысқа тағы да басқа қарама-қайшылықтарды ажырата білуі мүмкін.

Өз бетімен өзімен тетелес балалармен тіл табыса алады, ойыншықтармен бөліседі, жасы кіші балаларды ренжітпеу керек екендігін, оларды бағу және ойнату керек екендігін түсінеді.

Осымен тәмамдай келе, жасы үшке толған баланың баланың көп нәрсені біле алатынын түсінеміз.

Балаңыздың тілі енді шығып, дүниені тануына ықпал етуге жалықпаңыз.

Бұл сәттер болашақта ата-анасымен баланың арасындағы байланыстың үзілмеуіне, араларында сенімнің болуына ықпал етеді.