02.11.2016 жыл №28 сәбилер бақшасында «Балалардың дамуына топ орталықтарындағы мазмұнды ойындардың маңызы»тақырыбында №2 педагогикалық кеңес өтті. Әдіскер Р.М.Рахимбаева педагогикалық кеңес тапсырмасы бойынша «Балалардың дамуына топ орталықтарындағы мазмұнды ойындардың маңызы» тақырыбында тақырыптық бақылау есебін оқыды. Теориялық бөлімде: : «Мектеп жасына дейінгі балаларды дамытуда ойынның алатын орны» — МукатоваД.А. , «Бала өміріндегі мазмұнды ойынның маңыздылығы»- Кимерсен Г баяндамаларын оқыды. Практикалық бөлім: Әр топ тапсырма ретінде түрлі мазмұнды ойындарды ойнап көрсетті. Көрме: «Ең үздік мазмұнды ойын» әкелу. Мазмұнды ойындары ұқыпты, сапалы, бала жас ерекшелігіне сай, көз тартымды жасаған Даярлық «А» тобы ерекше аталып өтті. Педагогикалық кеңес соңында психолог Кумбаева А.Р педагогтармен тренинг жүргізді.