04.05.2016 жыл №28 сәбилер бақшасында «Балалардың танымдық әрекетін модульдік оқыту технологиясы арқылы жетілдіру »тақырыбында №4 педагогикалық кеңес өтті. Әдіскер Р.М.Рахимбаева педагогикалық кеңес тапсырмасы бойынша «Балалардың танымдық әрекетін модульдік оқыту технологиясы арқылы дамытуда табиғат бұрышының қамтылуы» тақырыптық бақылау есебін оқыды. Теориялық бөлімде: : «Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық таным үдерісін ойын әрекеті арқылы дамыту » - М.А.Молдахметова, « Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру маңыздылығы» - А.К.Кабаева баяндамалар оқылды. Көрме: Сыртқа шығарылатын серуен құралдарын әкелу. Серуен құралдары бала санына сәйкес жинақталған. Қимылды ойындары ұқыпты, сапалы, бала жас ерекшелігіне сай, көз тартымды жасаған ІІ сәбилер "А" тобы ерекше аталып өтті. Педагогикалық кеңес соңында психолог А.А.Алибекова педагогтармен тренинг жүргізді.