Бүгін бақшамызда 1 мамыр достық күні мерекесіне орай ертеңгілік өтті. Ертеңгілікте Ересек "А" тобы "Ақ көгершін", "Нұр аға" әндерін, Ересек "Ә" тобы "Атамекен" әнін, Ортаңғы топтар "Біз бақытты балдырған" әндерін шырқап, Даярлық тобы "Грузия" биін биледі. Сонымен қатар бүлдіршіндер достық тақырыбында тақпақтар айтып, ұлттық "Тақия тастамақ" ойынын ойнады. Мереке өте көңілді өтті.