27.04.2016 жыл №28 сәбилер бақшасында "Өрлеу " АҚ "БАҰО" әдіскері Нургалиева Сара Дүйсенбаевнаның қатысуымен “Мектеп жасына дейінгі балалардың белсенді дамуына ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің өткізу жолдары” тақырыбында семинар өтті. І бөлімде: Төрт сала бойынша ашық көріністер ұсынылды. “Таным” саласы бойынша Молдахметова М.А Ересек “А” тобымен ҚМТҚ ҰОӘ “Қызықты математика”, “Әлеуметтік орта” Кабаева А.К ІІ сәбилер “А” тобымен “Көркем әдебиет”ҰОӘ “Дос болайық бәріміз”, “Қатынас” саласы бойынша Бикибаева Г.А. Даярлық “А” тобымен ” Сауат ашу” ҰОӘ “Ф дыбысы”, “Шығармашылық” саласы бойынша Жансултанова М.А. Даярлық “А” тобымен “Бейнелеу өнері” ҰОӘ “Қызғалдақ” тақырыптарында ашық сабақтар көрсетті. ІІ бөлімде: Теориялық бөлім. «Мектеп жасына дейінгі балалардың белсенді дамуына ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің өткізу жолдары» Әдіскер: Р.М. Рахимбаева «Мектепке дейінгі балалардың тілін модульдік оқыту технологиясы арқылы дамыту» тәрбиеші:Г.А.Бикибаева «И.Н.Мурашковска әдістемесі арқылы мектепке дейінгі жасты балаларды картина бойынша әңгіме құруға үйрету» тәрбиеші:Р.М. Құнанбаева «Дәстүрден тыс бейнелеу әрекетінің түрлері»Сурет пәнінің мұғалімі: М.А.Жансултанова баяндамаларын оқыды. Семинарға келушілер пропп картамен жұмыс жасап, Мурашковска әдістемесінің қадамдарымен танысып практика жүзінде қолданып көрді. Семинар соңында психолог Алибекова А.А “Бос микрофон” рефлексия жүргізді.