6.04.2016 жыл №28 сәбилер бақшасында "Өрлеу " АҚ "БАҰО" кафедра меңгерушісі Болат Қайыргелдіқұлының қатысуымен “Мектеп жасына дейінгі балалардың белсенді дамуына ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің өткізу жолдары” тақырыбында семинар өтті. І бөлімде: Бес сала бойынша ашық көріністер ұсынылды. “Денсаулық” саласы бойынша Казанбаева А.Б ІІ сәбилер тобымен “Таңғы жаттығу” , “Таным” саласы бойынша Молдахметова М.А Ересек “А” тобымен ҚМТҚ ҰОӘ “Қызықты математика”, “Әлеуметтік орта” Кабаева А.К ІІ сәбилер “А” тобымен “Көркем әдебиет”ҰОӘ “Дос болайық бәріміз”, “Қатынас” саласы бойынша Бикибаева Г.А. Даярлық “А” тобымен ” Сауат ашу” ҰОӘ “Ү дыбысы”, “Қатынас” саласы бойынша Кунанбаева Р.М. Ортаңғы “А” тобымен ” Тіл дамыту” ҰОӘ “Көктем келді”, “Шығармашылық” саласы бойынша Жансултанова М.А. Даярлық “А” тобымен “Бейнелеу өнері” ҰОӘ “Қызғалдақ” тақырыптарында ашық сабақтар көрсетті. ІІ бөлімде: Теориялық бөлім. «Мектеп жасына дейінгі балалардың белсенді дамуына ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің өткізу жолдары» Әдіскер: Р.М. Рахимбаева «Мектепке дейінгі балалардың тілін модульдік оқыту технологиясы арқылы дамыту» тәрбиеші:Г.А.Бикибаева «И.Н.Мурашковска әдістемесі арқылы мектепке дейінгі жасты балаларды картина бойынша әңгіме құруға үйрету» тәрбиеші:Р.М. Құнанбаева «Дәстүрден тыс бейнелеу әрекетінің түрлері»Сурет пәнінің мұғалімі: М.А.Жансултанова «Балалардың денсаулықты сақтау құзіреттілігін нығайтуда таңғы жаттығулардың алатын орны» тәрбиеші: А.Б.Казанбаева баяндамаларын оқыды. Семинарға келушілер пропп картамен жұмыс жасап, Мурашковска әдістемесінің қадамдарымен танысып практика жүзінде қолданып көрді. Семинар соңында психолог Алибекова А.А “Бос микрофон” рефлексия жүргізді.