18.03.2016 жыл №28 сәбилер бақшасы аясында Ұлыстың Ұлы күні мерекесіне "Наурыз - Думан" тақырыбында ұжымдық мерекелік кеш өткізілді. Басшы Ж.А.Мухтаева өзінің мерекелік тілегімен кеш шымылдығын ашты. Мерекеге төрт ауыл қатысты. "Жаяу мұса" ауылы "Қабанбай батыр" ауылы "Наурызбай" ауылы "Абай" ауылы Мерекелік кеш "Көктем аруы" байқауымен жалғасты. Байқауға әр ауыл атынан бір -бір ару қатысты. "Жаяу Мұса" ауылынан Нурманова Калияш Кабыкеновна, "Қабанбай батыр" ауылынан Молдахметова Мақпал Аскаровна, "Наурызбай" ауылынан Дария, "Абай" ауылынан Казанбаева Ақерке. Аруларымыз байқаудың бес шарты бойынша сайысқа түсті. 1.Таныстыру 2. "Білгенге маржан" (сұрақ-жауап) 3.Өз өнері (пародия) 4.Қол өнері (ою ою) 5.Сән үлгісі Байқау қортындысы бойынша ІІ орынға "Наурызбай" ауылының аруы Дария, "Абай" ауылының аруы Казанбаева Ақерке ие болды. І орынға "Жаяу Мұса" аулының аруы Калияш Кабыкеновна ие болды. Бас жүлдеге "Қабанбай" ауылынан Молдахметова Мақпал Асқарқызы аруымыз ие болды. Құттықтаймыз!!! Сонымен қатар әр ауыл арасында қазақтың"Арқан тартыс" ұлттық ойыны ойналды. "Жаяу Мұса " ауылы жеңіске жетті.