Келіңдер Наурыз күнін қарсыалайық Билейік,жыр жырлайық, ән салайық Қаhарлы қыстан өтіп наурыз келді Арқаңды кеңге созшы,уа халайық! Бүгін бақшамызда Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында "Балалар мен Алдар көсе сараң байда қонақта" тақырыбында ортаңғы топтарда ертеңгілік өтті. Жақсылықтың жаршысы Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесінде балалар ән айтып, би билеп, қазақтың ұлттық "Арқан тартыс" ойынын ойнап өз өнерлерін ортаға салды. "Жаңбырмен жер көгерер, бата мен ел көгерер. " демекші, дала иесі Қыдыр ата батасын берді.