3.02.2016 жыл №28 сәбилер бақшасында "Сауықтыру –шынықтыру шаралары арқылы балалардың денсаулықты сақтау құзыреттілігін нығайту" тақырыбында №3 педагогикалық кеңес өтті. Әдіскер Р.М.Рахимбаева педагогикалық кеңес тапсырмасы бойынша «Сауықтыру –шынықтыру шаралары арқылы балалардың денсаулықғы сақтау құзыреттілігін нығайтуда, денсаулық бұрышының қамтылуы» тақырыптық бақылау есебін оқыды.
Теориялық бөлімде: «Саламатты өмір салтын қалыптастыруда таңғы жаттығулардың алатын орны» - Нурматова А.Т. «Денсаулықты сақтау құзіреттілігін қалыптастыруда балаларға дәрумендердің пайдасы.» - Мухамедиева Д.Л. «Денсаулықты сақтау құзіреттілігін нығайтуда, баланың дұрыс тамақтануының маңызы.» -Мед бибі Пшембай Г тақырыбында баяндамалар оқылды.
Практикалық бөлім: -Ертеңгілік жаттығу-ортаңғы топ,
Қимылды ойындар – Ересек тобы,Күннің екінші жартысы-Даярлық тобы,Серуен- ІІ сәб «А,Ә» І сәб «А»,Сергіту сәті – ІІ сәб «Б,В» І сәб «А» көрсетті және буклеттер жасады.
Көрме: Күннің ІІ жартысында сауықтыру шараларына қолданатын құрал әкелу. Күннің екінші жартысына қолданатын құралдарды ұқыпты, сапалы, бала жас ерекшелігіне сай, көз тартымды жасаған Ортаңғы "А", Даярлық "А" топтары ерекше аталып өтті. Педагогикалық кеңес соңында психолог А.А.Алибекова педагогтармен тренинг жүргізді.