29.12.2015 жыл бақшамызда ортаңғы топтарға "Сиқырлы қоңырау" жаңа жылдық ертеңгілігі өткізілді. Мерекеге Аяз ата, Ақшақар, Мыстан кемпір, Қуыршақ қонаққа келді. Мерекеде балалар Ақшақарға сиқырлы қоңырауды қайтарып алуға көмектесті. Балдырғандар ертеңгілік барысында "хафанана", "аққала","қуыршақ" билерін билеп, ән айтып, Аяз атаға тақпақтарын оқып берді. Мереке ата-аналарға, балдырғандарға өте ұнады.