Практикалық семинар Өткізілген күні : 23.11.2015 жылТақырыбы:«Модульдік оқыту технологиясы арқылы балаларды байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру»Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік белсенділігін арттыру міндеттемелерін шешуде, технологиялардың мүмкіншіліктерін пайдалану. Бақшамызда «Модульдік оқыту технологиясы арқылы балаларды байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру» тақырыбында балабақша тәрбиешілерінің қатысуымен практикалық семинар өткізілді. Тақырып бойынша әдіскер Р.М.Рахимбаева баяндама оқыды. Тәрбиешілер арасында " Модульдік технология әдістерін ұйымдастыру іс -әрекетінде қолдану жолдары" практикалық шара жүргізілді.