8 наурыз мерекесі

Бесік жырың ғұмырымды күй қылған,
Есіл нұрың ойыма ақыл құйдырған.
Асыл ана, құтты болсын мерекең,
Құшағына күллі әлемді сыйдырған.
І кіші топтарында "Көктем мерекесі" атты ертеңгілік өтті. Балалар аналарына, әжелеріне деген ыстық лебіздерін, жүрек жарды тілектерін бірі өлең арқылы білдірсе, бірі ән айтып, енді бірі би билеп білдірді. "Бәйшешектер", "Құстар" билері орындалып, Бауырсақ,Көктем гүлдерімен, Қызыл телпек, Әтеш, шөжектер сынды кейіпкерлер қатысты.