Ересек "А" тобының "Бақыт іздеген қыз" мерекелік ертеңгілігі

Ана деген асыл жандар,болаттай
Ана деген мөлдір жандар бұлақтай
О,адамдар ,қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл ойды талатпай!
Ересек "А" тобында "Бақыт іздеген қыз" атты мерекелік ертеңгілік өтті. Негізгі кейіпкерді балалар ойнап, аналарына өлеңдер, әсем әндер айтып, "Жаңбыр", "Қытай" билерін орындап берді. Бұғы, Су ханзадасы, Алтын балық, Көктем ханшайымы, Ана, Таусоғар сынды кейіпкерлер мерекені жандандыра түсті.