Даярлық тобында "Қыз сыны" байқауы өтті

Баурап алар бірақ ауыз сәлемі
Қазақ қызы - әдепті де әдемі
Қазақ қызы - ақылына көркі сай
Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі.
Даярлық "А" тобының қыздары арасында 8 наурыз мерекесіне орай "Қыз сыны" байқауы ұйымдастырылды. Кішкентай сұлулар өз өнерлерін ортаға салды. Байқау бірнеше бөлімнен тұрды:
1-тегін білу, таныстыру.
2-шебер қолдар сайысы, түйме тігу.
3-қыздың көркі –шаш, шаш сәні.
4-қыздарға әсемдік жарасады, дифиле.
Байқау соңында қыздар түрлі номинацияларға ие болып, мадақтамаларға ие болды.