
Ақ таңыңыз күлімдеп ата берсін,
Қариялар кемсеңдеп бата берсін.
Наурыз мерекесі күлімдеп кеп,
Ұлыстың ұлы күні бақ әкелсін!
Ұлыстың ұлы күні Наурыз - ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша наурыздың 22-сі, күн мен түннің теңесу кезіне келеді. Күн мен түннің теңелгені, түннен күнге бет бұрған, табиғаттың барлығы гүлденген, өскен, қытымыр қыстың беті қайтып, күллі дүние қайта түлеген мезетке сәйкеседі. Наурыз – шын мәніндегі көктем мерекесі!
Біздің балабақшада да көктем мерекесін ортаңғы, ересек, даярлық топтарында "Қош келдің, әз Наурыз!" атты мерекелік ертеңгілігімен атап өтті. Наурыз туралы ән айтып, "Шашу", "Қыз қуу", "Батырлар", "Асатаяқ" билерін орындап берді. "Ханталапай", "Қыз қуу" ойындарын ойнады.