13.11. күні Павлодар облысы Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы Туарова Анар Касымовна мектебіміздің 5-9 сынып оқушыларына тақырыптық дəрістер оқыды. Дәрістер барысында оқушыларымызды күнделікті денсаулығын шынықтыру, дұрыс тамақтану, күн тәртібін ұйымдастыруын,сонымен қатар зиянды әдеттерден сақтану, темекінің ағзаға тигізетін әсері және одан туындайтын ауру түрлері, олардың алдын- алу шаралары туралы білуге, салауатты өмір салтын қалыптастыруға үндеп бағыттады және де еліміздегі қазіргі эпидемиялық жағдайда өзін- өзі сақтау ережелерін қатаң ұстануға кеңестер берді. Еңселі егеменді еліміздің ертеңінен үлкен үміт күтеміз. Жастардың денсаулығы, жігері, қайраты, білімі - егемендігіміздің беделі, еліміздің мақтанышы болмақ.
#1жалпыортабілімберумектебі
#1СОШ
#1school_pavlodar
Салауатты өмір салтын ұстану