2022 жылдың 17 қаңтар күні қазақ тілі мен тарих пәндері бірлестігінің жоспарына сәйкес "Тіл мен тарих -ғасырлар куәсі" атты апталықтың ашылу салтанаты өтті. Апталықтың мақсаты: Қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өмі
2022 жылдың 17 қаңтар күні қазақ тілі мен тарих пәндері бірлестігінің жоспарына сәйкес "Тіл мен тарих -ғасырлар куәсі" атты апталықтың ашылу салтанаты өтті. Апталықтың мақсаты: Қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. Оқушыларды Отанын сүюге, ұлтжандылыққа, елжандылыққа тәрбиелеу,
– Тәуелсіз Қазақстан тарихын жетік білуге құштарлығын ояту.
– Бүгінгі заманға сай, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа баулу .
Салтанатты кеш барысында «Абай оқулары», «Мұқағали оқулары», «Мағжан оқулары» байқауларының жүлдегері 5 “Б” сынып оқушысы Назар Фариза өлең оқып,мектебіміздің өнерлі оқушылары қазақ биін билеп, домбыра үйірмесінің оқушылары өнер көрсетті.
17-21 қаңтар аралығында өтетін апталықтың жоспары таныстырылды.