2022 жылғы 14 қаңтар күні мектебімізде «Жас мамандардың педагогикалық кәсіби шеберлігін арттыру» атты жас мамандар мектебінің семинары өттті.
Мақсаты: Жас мамандарды педагогикалық жаңашылдыққа үйрету, әдістемелік көмек көрсету арқылы педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін дамыту.
Семинар бағдарламасынада:
Мектеп басшысының оқу-ісі жөніндегі орынбасары С.Қ. Шахарова жас маман мен тәлімгер туралы ережесі, тәлімгерліктің негізгі мақсат-міндеттері, жас маманның құқықтары мен міндеттері жөнінде баяндап берді.
Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда психологиялық ахуал қалыптастыру, кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл-күйін көтеру мақсатында мектеп педагог-психологы Т.Т. Букаева «Психологиялық тренинг» өткізді.
«Сабақтың құрылымы» тақырыбында тәжірибелі, білікті маман, математика пәнінің мұғалімі С.В. Давлятчина өз тәжірибесімен бөлісті. Жас оқытушылардың біліктілігін, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға, бар күш жігерін жұмсауға баулу және белсенділігін арттыру жөнінде кеңес берді.
Мұғалімдердің кәсіби дамуына, әдістемелік біліктілігін жоғарлату, оқу мен оқытуды жетілдіру,оқушылардың дамуы мен қалыптасуына жағдай жасау үшін кәсіби құзыреттіліктерін арттыру мақсатында педагог-тәлімгер А.С. Шутырова «Оқушылардың оқу үдерісін қалай жақсартуға болады?» атты жас мамандарға коучинг жүргізді. Сыныптағы оқушылардың оқуын жақсарту үшін мұғалімдер нені оқыту керек және қалай оқыту керектігі туралы мәлімет бере отырып, бүгінгі қоғамға қажет жаңа мұғалім моделін түсіндірді.
Жас мамандар семинарға белсенділік танытып қатысты. Соңында кері байланыс жасап, өз ойларымен бөлісті.