Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кабинетінің салтанатты ашылуы.
Бүгін біздің мектепте Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті кабинетінің салтанатты ашылуы өтті. Біздің іс шарамыздың құрметті қонағы болып білім беру бөлімінің бас маманы Сабира Жамбылқызы Алимова келді. "Жас Ұлан" Республикалық балалар ұйымының көшбасшылары патриоттық флэш-моб дайындады. 5-6 сынып оқушылары өздері шығарған өлеңдерін оқыды, 11 "А" сынып оқушылары Ұлттық көшбасшысының өмір жолы туралы үш тілде баяндап берді.