« Болашаққа ұмтылған өлке »
15 қаңтар күні 6Б сынып оқушылары сынып жетекшісі Медет Жақсылықұлы Жүсіпов және кітапхана меңгерушісі М.В.Падалкомен бірге С.Торайғыров атындағы Облыстық кітапханада Павлодар облысының 75-жылдығына орай ашылған «Болашаққа ұмтылған өлке» атты кітап көрмесіне барды. Кітапхана қызметкерлері балаларға Павлодар облысының шығу тарихы туралы, сондай ақ көрмеде ұсынылған кітаптар туралы айтып берді. Көрмеден кейін балаларға Облыстық кітапхана бойынша экскурсия ұсынылды, балаларға экскурсия өте ұнады.