«Барлығы сүйіспеншіліктен басталады…»
19 қаңтар күні №1 ЖОМ-да «Женщины - за будущее нации» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «Барлығы сүйіспеншіліктен басталады…» жобасын жүзеге асыру шегінде, «Бота» қоғамдық бірлестігінің қаржылық қолдауы арқылы №1,5,27 ЖОМ «қауіп» аймағында тұратын оқушылары үшін топтық тренинг өткізілді.
Сабақтың мақсаты: өмірге төзімділік деңгейін арттыру, өмірлік қиындықтарын жеңу тәжірибесіне дағдылану, оқушылардың сенімділігін және өзін-өзі бағалау деңгейін арттыру.
Балалар жаттығуларға ықыласпен қатысты, бір бірімен конструктивті әрекеттестікке үйренді, берілген тақырыптарға әңгімелесіп, өз көзқарастарын айтты. Сабақтың соңында балалар бір біріне уақытты пайдалы өткізгеніне алғыс білдіріп, көптеген жақсы эмоциялар мен ақпарат алды.