Химия пәні бойынша «IQ» ойыны
2013 жылы 25 қаңтарда 10-ыншы сыныпта химия пәні бойынша «IQ»интеллектуалды ойын жүргізілді. 10-ыншы сыныптың екі командасы 7 айналым бойынша бір бірімен жарысты: «қара жәшік», «анаграмма», «ребусты шешуге үйрен» және т.б. Ойыншылар өз білімдерін химиядан ғана емес, сондай-ақ физика, география, биология пәндері бойынша көрсетті. «Электрон» командасы «Нейтрон» командасынан 3 ұпайға артық жеңіп шықты. Ең жақсы команда мақтау қағазымен белгіленді, ал әр қатысушы нақты ғылымдар пәндері бойынша ұшан-теңіз білімге ие болды.