«Екі жұлдыз» конкурсы
Мектеп тәрбие орталығы сынып жетекшілер және ата-аналармен бірлесіп үлкен және орта буын оқушылары арасында «Екі жұлдыз» ән конкурсын өткізді. Әр сыныптан музыкалық нөмірмен «Мұғалім - оқушы», «Ата-ана - оқушы» жұптар қатысты. Іс-шара жақсы деңгейде өтті, әр жұп ән айтып, би билеп жақсы дайындалған. Ең үздік жұп 10,11 сыныптан «Ата-ана - оқушы» болды. Құттықтаймыз!