«Қазақстан - Павлодар» облыстық радиосына қатысу
26 сәуір күні біздің мектеп оқушылары «Қазақстан - Павлодар» облыстық радиосына қатысты. Бұл жолы мектеп жаналықтары туралы біздің мектеп бітірушілері баяндап берді: Мигунова Катерина , Прохоренко Александра, Хихлуха Вероника, Лобко Марина. Өз баяндамаларында олар туған жержәне оның болашағы, өз еліне деген сүйіспеншілік пен мақтанышы туралы айтты. « Менің Қазақстан болашағына қосар үлесім ...», «Қазақстан – берекелі ел...», «Елбасына бас иемін...», «Өз жеріңде туып, өз жеріңде өмір сүру – үлкен бақыт деп санаймын....» - дәл осылай өз еліне деген сүйіспеншілік пен мақтаныштың үні шығады.