«Жас Ұлан және Жас Қыран» қатарына қабылдау
30 сәуір күні біздің мектепте Қазақстан халқының бірлігі Күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Осы күні біздің мектептің 80 оқушысы – конкурстар, жарыстар, олимпиадалар жүлдегерлері, сондай ақ мектеп өміріне балсенді қатысатын балалар «Жас Ұлан және Жас Қыран» Республикалық балалар-жас өспірімдер ұйымына енді. Жас «жасұландар» салтанатты ант берді, мектеп әкімшілігі балаларға атрибуттарды тарту етті. «Жас Ұлан және Жас Қыран» Республикалық балалар-жаcөспірімдер ұйымына қабылданған оқушыларды құттықтаймыз!