ҰОС ардагері В.В.Рассказовпен кездесу.
Жеңіс Күні қарсанында – Ұлы Отан соғысы ардагері, 1941 жылғы №1 ЖОМ – түлегі Вячеслав Васильевич Рассказовтың қатысуымен біздің мектебімізде бірегей іс-шара өткізілді. Павлодар қаласының облыстық радиосы және «СТВ» Республикалық теледидар журналистері шақырылды. Кездесу «Ешкім ұмытылмас, ештеңе ұмытылмайды» атты мұражайлық сабақпен аяқталды, 5,6 сынып оқушылары «Құрметті ардагерлер, бейбіт аспан, бақытты балалық шақ үшін басымызды иеміз!» атты көркем-әдеби композициясын ұсынды.