2017 жылы 9 қаңтарда сағат 16.00 -де №1 ЖОМ шахмат кабинеті мен шахмат үйірмесінің ашылу рәсімі өтті. Салтанатты ашылу рәсіміне келесі қонақтар қатысты: №3 БЖСМ директоры, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Кашкенов Шарип Казымович, Махнев Денис №1 ЖОМ түлегі, шахматтан халықаралық деңгейдегі спорт шебері, 2007 жылғы облыстық жарыстардың жеңімпазы, Жанабаев Асанали №1 ЖОМ 3 гимназиялық сыныбының оқушысы, классикалық шахматтан жеңімпаз. Салтанатты іс шара 1 дәрежелі жаттықтырушы Икрамов Марат Еркинжасовичтің бастамашылығымен оқушылар мен қонақтар арасындағы бір уақытты ойынмен жалғастырылды.