Көңілді ойын алаңы
Бүгін, 30.10.2015 жылы «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында №1 ЖОМ жанындағы «Балдырған» шағын орталығының өзге ұлт балалары арасында «Көңілді ойын алаңы» бағдарламасы бойынша конкурсы өткізілді. Тәрбиеленушілерімізді сынауға Қазақстан халық ассамблеясының мүшесі Сәуле апамыз келіп, балаларға өз бағасын қойды. Топты жарып облыстық сайысқа ересек тобының тәрбиеленушісі Пузанова Дарья жолдама алды. «Балдырған» шағын орталығы ұжымы атынан Дашаны жеңісімен құттықтаймыз. Алдағы жарыста үздіктердің ішінен көрінуіне тілектеспіз. Барлық қатысушылар Алғыс хат пен сыйлықтарға ие болды. Құттықтаймыз!