Болашақ мамандықты таңдау бойынша мектебімізде Б. Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясының өкілі полиция майоры Сахарбай А.С.және Rahmet Education өкілі Жузбай А. лекция өткізді. Олар өздерінің оқу орнымен таныстырып, оған түсудің тәртібін түсіндіріп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Оқушыларымызға мамандықты таңдауда сәттілік тілейміз!