Қазақстан Халықтарының тілдер күніне орай мектепте "Ана тілім - айбыным" атты мәтінді мәнерлеп оқу бойынша 5-7 сыныптарының оқушылары арасында байқау өткізілді. Оқушылар жатқа оқудан, мәнерлеп оқудан және оқылатын мәтінін мағынасын түсіну бойынша жақсы көрсеткішлетр көрсетті. Қазылар алқасының басты бағалау критериялары мәнерлеп оқу, сахна өнерін көрсету. Бірінші орынды 6 «А» сыныбының оқушысы А. Хорошева, екінші орынды 6 «Б» сыныбының оқушысы Б. Ковтун, үшінші орынды 6 «Б» сыныбының оқушысы А. Мавлаев иеленді. Аталған шара оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, тілдерге қызығушылықтарын арттыруға, патриоттық сезімді тәрбиелеуге, өзге ұлттардың тілі мен мәдениетін үйренуге септігін тигізді.