22 қыркүйек Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні деп жарияланды. Осы мерекені мектебіміздің барша оқушылары мен ұстаздары да атап өтті. Осыған орай салтанатты жиын өткізіліп, онда ана тілі, бірлік, ынтымақтастық жайлы әндер шырқалып, өлеңдер оқылды. Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл - әрбір елдің жаны. Мереке құтты болсын!