Жыл сайын біздің мектепте Денсаулық Күні өткізіледі. Күн жаттығудан басталып, бастауыш сынып оқушылары арасында түрлі сайыстар, жарыстар, таза ауада ойындар ұйымдастырылды. 5-8 сыныптар арасында футбол және волейболдан, 9-11 сыныптарының оқушылары арасында тартылудан жарыстар өткізілді. Оқушылар сайыстарға белсенді қатысты. Біз оқушыларды спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтын ұстануға, өз денсаулықтарын нығайтып, жағымсыз әдеттерге қарсы тұруға шақырамыз. Біз салауатты өмір салтын ұстанамыз.