Елдің болашағы сенімді ұрпақ қолында
«Мен қазақпын, қазақпын деп мақтанамын» атты шығармашылық сайысқа қатысушылар мектептің мәжіліс залына жиналған көрермендердің, жанкүйерлердің жүрегінде біресе аналық сүйіспеншілік, біресе қаһармандық, біресе нәзіктік сезімдер ұялатты.
Бір жігітіміз: «Қазақты қазақ қылатын не?» – деп сауал тастап, өзі дәлелдеді. Біреуі: «Ұлт патриоттары қазақ қызын сыйлауды бірінші орынға қояды. Қазақ қызы-қазақтың анасы. Ана –болашақ ұрпақтың бастауы. Бұлақтың басы лай болса, одан таза ұлт шығуы мүмкін емес»,-дей келе, өз жерің үшін күрескер болам десең, білімді бол деп аяқтады. Он алты қатысушының барлығы бір сезімін дәлелдеуге бар күшін салды. Сайыс жеңімпазы атағын 10 сынып оқушысы Аркенов Әмір алды.