2018 жылы 16 наурыз күні «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Тәрбие және білім» ішкі бағдарламаларын іске асыру шеңберінде, Наурыз мейрамын тойлау қарсанында Павлодар қаласы №1 ЖОМ негізінде« Асық ату» және «Тоғызқұмалақтан» жарыс өткізілді.
Іс шараның мақсаты: ұлттық ойындарды дамыту және дәріптеу, өсіп келе жатқан ұрпақ арасында патриоттық сезімді нығайту.
Турнир қатысушылары алдында мектеп директоры А.Ж.Сыздыков сөз сөйледі.
Бұл шараның демеушілік қолдау бастамашысы, турнир қонағы Руслан Махмедович Қаирханов («Каирханов» ЖК) жарысты ұйымдастырып жүргізу үшін, жүлде қорын алу үшін 35000 (отыз бес мың) теңге көлемінде ақшалай көмек көрсетті. Турнирға оқушылар үлкен қызығушылық, спорттық құмарлық танытты. Жарыстарға "Асық ату" 10 команда әр командада 4 адамнан, "Тоғызқұмалақ" 8 команда әр командада 4 адамнан қатысты. Турнир ұйымдастырушылары "Тоғызқұмалақтан" Қизат С.Қ., "Асық атудан" Воронова Л.И. "Асық атудан" үздік ойыншы Бортвин Михаил, "Тоғызқұмалақтан" Байкин Диас атанды. Сондай ақ үздік командалар анықталды: Асық атудан 1 орын - 7Б, 2 орын - 7а, 3 орын - 8б сыныптар, Тоғызқұмалақтан 1 орын - 8а, 2 орын - 6ә, 3 орын - 7б сыныптар.
Асық ату және тоғызқұмалақтан жарыстар