2018 жылы 13 маусым күні №1 ЖОМ отбасылық бизнес-марафоны өтті. Отбасылық бизнеске қатысу оқушыларға қаржылық идеялар теориясын іс жүзінде іске асыруда алғашқы тәжірибе алуға мүмкіндік береді.
№1, 17, 29, 34 ЖОМ оқушылары отбасылық бизнес жобаларын ұсынды. Жұмыстары қала бизнемендері, «Даму» қоры өкілдері, «Қазақстан Халық банкі» АҚ өкілдері, қалалық маслихаттың депутаттары алдында ұсынылды.
№1 ЖОМ 10 сынып оқушысы Юнеман Анастасия өзінің «Шаштараз өнерін дамыту» атты отбасылық бизнес-жобасын ұсынды. Жобаның артықшылығы - әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан балаларға арналған мереке күндерінде заманауи технологияларды пайдалану, эксклюзивті, шығармашылық қызметтер көрсететін тегін қызметтер ұсынылады.
Іс шараның соңында «Қазақстан Халық банкі» АҚ өкілі оқушыларға өз сыйлықтарын тарту етті.
Отбасылық бизнес - марафоны