Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
Сіздерді мемлекеттік мерекеміз - Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
Республика Президенті - азаматтар және адамдардың құқығы мен бостандығының, Конституция тұрақтылығының, мемлекеттік билік пен халық бірлігінің кепілдігі мен нышаны болып табылады.
Бұл мереке Қазақстан үшін мемлекет тарихының жаңа парақтарын еске алатын ерекше күн ретінде қалары сөзсіз.
Осы атаулы мереке күні баршаңызға жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер, шығармашылық табыстар, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік болып, республикамыздың игілігі жолындағы еңбектеріңізге жемісті табыстар тілейміз!