Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектебіміздің 5 сынып оқушылары күзгі демалыс кезінде спорттық үйірмелерге қатысуда.
04-11-2021 15:48
Мектебіміздің 5 сынып оқушылары күзгі демалыс кезінде спорттық үйірмелерге қатысуда.

Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігі бәріміз мәлім. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болатыны белгілі. Ата - бабамыз “тәні саудың – жаны сау” - деп бекер айтпаған. Ұлы ойшыл Ибн Сина: «Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керек» деген болатын. Қазіргі таңда үстел теннисі елімізде өте кең тараған ойындардың қатарына еніп отыр. Спорттық және қозғалыс ойындары ретінде материалдық шығынды, жаттығу кезінде және спорттық жарыстарда аса көп орынды да талап етпейді. Сонымен қатар ойын кезінде жоғары қозғалыс белсенділігімен ерекшелене отырып, адамның бойына жылдамдық, шапшаңдық пен ептілік, қимылды дұрыс басқарушылық, зейінділігін арттыру, көзбен мөлшерлеу, тез шешім қабылдап, ойлау сияқты қабілеттіліктерін қалыптастырады. Мектебіміздің 5 сынып оқушылары күзгі демалыс кезінде спорттық үйірмелерге қатысуда. Үстел теннисінен оқушылармен турнир өткізілді. Турнир қорытындысы бойынша оқушылар мақтау қағаздармен марапатталды. Жетекшісі: Жапарханов Д.Е.