Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. Осыған орай 28.01.2022 жылы мектеп кітапханашысы Сәуле Қажыбекқызының бастамасымен 5 "В" сынып оқушылары "Кітапханаға жазыламын" акциясына қатысты. Кітапханашы оқушыларға «Оқуға құштар мектеп» жобасыны аясында көркем әдебиеттер тiзiмi 4 бағыт бойынша жүзеге асып жатқанын айтып, яғни олардың қатарына еліміздің үздік классиктернің кітаптары, ана тіліне аударылған шетелдік әлем әдебиетінің жауһарлар, сонымен бірге қазіргі заманғы ақын-жазушылардың кітаптары енгенін көрсетіп, біршама кітаптармен таныстырды. Білім берудегі кітап оқуға үйрету мәселелері әрдайым маңызды. «Оқу мәдениеті - өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын қалыптастыру факторы» деген түйін сөз бекер емес. Осы мақсатта сынып жетекшісі Бахытгүл Толеуханқызы "Көркем оқу" үйірмесінде оқушылардың кітап оқу құзыреттілігін қалыптастыру,оқу сауатылығын дамыту жұмыстары жалғасып жүргізлетінін айтты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде