Павлодар қаласындағы № 37 мектепте 22 қазан күні 5-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Күз-мерекем, күз-берекем» атты күзгі бал кеші өтті. Кеште 5-8-сынып оқушылары бес кезең бойынша өзара сынға түсті. Таныстыру барысында 7 «А»-сынып оқушысы Ферхан ерекше көзге түссе, өз өнерін көрсету кезеңінде 7 «Б»-сыныбы ұлттық аспаппен шығарма орындап өзгелерден ерекшеленді. Үй тапсырмасы бойынша ешқайсысы да кем түскен жоқ. Жасаған тағамдары бірінен-бірі өтіп, дәмі болсын, даярлау ерекшелігі болсын, қазылар тарапынан жоғары балға ие болды.
Ал «Күз сыйы» тақырыбында әзірленген қолөнер бұйымдары өзінің табиғилығымен қазыларды ғана емес, көрермендерді де тәнті етті. Сән үлгісі кезеңінде сайыскерлеріміз өздері дайындаған киім үлгісімен ортаға шығып, әділ бағаларын алды. Сайыс қорытындысы бойынша бірдей бал жинаған 6 «А»-сыныбы мен 7 «В»-сыныбы қосымша тапсырмалар орындап, нәтижесінде 6»а»-сыныбы жеңіске жетті.
Сайыс соңында күз ханзадасы мен ханшайымы анықталып, ұйымдастырушылар тарапынан марапатқа ие болды.
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Абдуллаева Қ.М.