Телефон доверия
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Адрес: ул.Ворушина, 6/2
662408, 662407
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Четверг с 15:00 до 18:00 часов
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Сыңғырла, алғашқы күміс қоңырау, сыңғырла!»
03-09-2016 01:57
«Сыңғырла, алғашқы күміс қоңырау, сыңғырла!»

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей қолдауымен іргетасы көтерілген мектеп кешеніміз жыл өткен сайын көркейіп, озық технологиялық әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру ісін жетілдіре беруді айқын мақсат етіп отыр. Оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруде ұжым қатарын көп жылғы еңбек тәжірибесі бар үлгілі ұстаздармен бірге жас та болса бас бола білетін, бастамашыл мінез-құлқымен ерекшеленген, қабілет-қарымы жас мұғалімдермен толықтырылған. Оқушылармен де, педагогикалық ұжыммен де етене араласып, бастаған істерін нәтижелі аяқтауда табандылық көрсете алатын, шәкірттерінің сүйіспеншілігіне, ата-аналарының құрметіне бөленген ұстаздар қауымы мектебімізде аз емес. Тағы бір тарихи із, мақтаныш етер оқиға Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл толу мерекесі және Қазақстан Республикасының Конституциясына орай мектеп кешенімізге бүлдіршіндеріміздің алғаш аяқ басуының тұспа-тұс келуі деп білемін. «Сыңғырла, алғашқы күміс қоңырау, сыңғырла!» атты салтанатты жиында биылғы жаңа оқу жылы қарсаңында алғаш рет мектебіміздің табалдырығын 148 бүлдіршін аттағалы отыр. 2016 оқу жылы мектебіміз үшін табысты жыл болды. Былтырғы оқу жылының түлектері ҰБТ-ның нәтижесі бойынша қала мектептерінің арасында бірінші қатарда тұр.

Жасыл Ел бағдарламасы аясында мектебімізде өткізілген «Сүйікті мектебіме сүйікті гүлім» атты науқаннан облыста бірінші қатарда тұр.

«Бұлақ көрсең – көзің аш» деген. Оқушылар бейімін әрбір сала, әрбір пән бойынша тап басып анықтап, олардың талаптарын ұштай білу, үлкен өмірге интеллектуалдық деңгейі биік, мінезге бай, жайсаң да жайдары ұл-қыздарымызды шығарып салу бүгінде біздің мұратымыз. Осы жолда оқушылардың білім көкжиегін кеңейту жолында аянбай еңбек ететін мектеп ұстаздарының еңбектеріне табыс тілеймін.

DSC_0039

DSC_0027

DSC_0083