2017 жылдың 16 наурызында қалалық білім беру бөлімінің басшылығымен дәстүрлі «Абай мен Шәкәрім оқулары» өтті. Байқауда «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» (Абайдың өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу) аталымы бойынша 6-сынып оқушысы Адылбекова Айым 3-орынға, «Көңілім әнді ұғады» (Абай мен Шәкәрім әндерін шырқау) аталымы бойынша 8-сынып оқушысы Сушенова Томирис БАС ЖҮЛДЕГЕ, «Адамдық борышың...» (Шәкәрім өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу) деген үшінші аталым бойынша 7-сынып оқушысы Қуанышбекова Ділназ 1-орынға ие болды. Бұл – шәкірттеріміз үшін жетістік болса, мектебіміз үшін үлкен абырой. Шәкірттерімізге айтар тілегіміз: жеңістің шыңдарынан көріне берсін демекшіміз. Сөз соңында қазақтың ұлы ойшылдары, ұлы ақындары Абай мен Шәкәрімнің мұраларын оқып, өздеріне рухани азық, ләззат алар осындай ұрпақтары көбейе берсін дегіміз келеді.
Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда...Абай оқуларының қорытындысы