«Белая ладья» шахмат турнирінің жартылай финалы
2017 жылдың 28 және 29 наурыз күндері № 37 жалпы білім беру мектебі негізінде Павлодар қаласының № 4, № 14, № 17, № 21, № 23, № 24, № 25, № 26, № 27, № 37, №42 жалпы білім беру мектептерінің оқушыларының қатысуымен «Белая ладья» шахмат турнирі өтті. Турнирге 1-4 және5-6 сыныптардың 2 оқушыларынан құралған 11 команда қатысты. 1-4 сынып оқушылары арасында 1 орынды №4 ЖОМ, 2 орынды №26 ЖОМ және 3 орынды №42 ЖОМ иеленді. 5-6 сыныптар арасында 1 орынды №21 ЖОМ, 2 орынды №37 ЖОМ және 3 орынды №24 ЖОМ иеленді. 1 және 2 жүлделі орындарға ие болған мектептер финалдық сайысқа қатыса алады.
Финалдық ойындар № 25 ЖОМ сәуір айының 7-8 күндері өтеді.