Бүгін №16 ЖОМ негізінде Павлодар қаласы мектептері атынан қатысқан кіші мектеп оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларын қорғау жұмыстары өтті. Кіші мектеп оқушыларының түрлі тақырыпта ғылыми жобалар қорғау барысында қала мектептерінен барлығы 95 оқушы қатысты.
Біздің №37 жалпы орта мектеп атынан қатысқан Болатов Сұлтан (1 «А» сынып оқушысы), Манай Нұрби (2 «В» сынып оқушысы), Рахымжан Жансая (4 «А» сынып оқушысы) және Жиенбек Ерсұлтан (4 «А» сынып оқушысы) өз жобаларын ойдағыдай қорғап, мектебіміздің қанжығасын майлады. Алдыңғы үш оқушымыз Мадақтамалармен марапатталып, осы жобаның лауреаттары атанса, «Қоршаған орта тазалығы-болашақ саламатты даму негізі» тақырыбы аясында адамзат денсаулығына қоршаған орта ластануының әсерін тәжірибелік тұрғыда «Ұлттық Сараптама» Мемлекеттік мекемесінде жүргізген зерттеулерімен дәлелдей отырып, аталған жобада жүлделі 2 орынды Жиенбек Ерсұлтан иеленді және Павлодар қаласының білім беру бөлімінің Дипломымен марапатталды.
Оқушыларымыз өздерінің сынып жетекшілері Жұманбаева Баян Бакиқызы, Сыздықова Ақмарал Жасқайратқызы, Каирбаева Әлия Генадийқызы және Нұрғалиева Гүлнәр Өкенқызына берген бағыттары мен бүгінгі жанкүйерлік қолдаулары үшін алғыстарын білдіріп және өз жеңістерін сүйікті №37 мектептеріне арнайды.
Құттықтаймыз!