Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Адрес: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
ҒЫЛЫМ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ
23-06-2017 08:12
ҒЫЛЫМ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ

   Оқушылар "Ғылым әлеміне саяхат" тақырыбы аясында облыстық кітапханада болып қайтты. Мұндағы мақсатымыз: балалар назарын кітап оқу мәселесіне аудару, яғни кітап оқуға үндеу. Әрбір оқушының кітапқа деген қызығушылығын оятып, шығармашылық ізденістерге баулу, оқырмандық қабілеттерін қалыптастыру болатын.
   Шара барысында кітапханашы көркем әдебиеттің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отыратын құнды дүние екендігін балаларға ерекше ықыласпен түсіндірді. Сондай-ақ ежелгі замандардан бері қарай адамдар кітапты ерекше құрметтеп, құнды жәдігер ретінде бағалайтындығы және оның адам өміріндегі маңыздылығы жөнінде құнды пікірлер айтып шараны әрі қарай жалғастырды. Сөз соңында оқушыларды жаңа кітаптармен таныстыра келе, оларды тұрақты оқырман болуға шақырды. Оқушылар көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.