Тоғыз құмалақ ойыншыларын құрамдастыру басталды
Қазағымыздың ұлттық ойындарының бірі тоғыз құмалақ ойынын насихаттау барысында мектебіміздің 5- 9 сынып оқушылары тартылып, 75 бала қатысуға қызығушылық танытты. Ойынның басталуына бірер сәт бұрын қатысушыларымыз өздері ұйымдастырған флешмобтарын билеп, шараға қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Бұл шараны өткізудегі мақсатымыз - оқушылардың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету, адам денсаулығының қымбаттылығын бағалы байлық екендігін түсіндіру, денсаулық сақтауға, ұқыптылыққа, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу және ұлттық ойындарды дамыту. Алдағы уақытта тоғыз құмалақ ойынын үйренем деушілер саны артып, сайыстардың жеңімпаздар қатары көбейеді деген үміттеміз.